Басшының құттықтау сөзі

Құрметті сайтқа келушілер!
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ресми сайтына қош келдіңіздер.
Біз Басқарманың қызметі туралы, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау саласында атқарылған жұмысы туралы қажетті ақпаратты алатыныңызға сенеміз.
Алтыбаева Алма Қуандыққызы
07.05.12
Астана қаласындағы ҰОС ардагерлері Жеңіс күніне 150 мың теңге алады

Астана қаласындағы ҰОС қатысушылары мен ардагерлеріне 150 мың теңге көлемінде бір мезгілдік әлеуметтік көмек беріледі. Астана қаласы әкімдігінің осы ұсынысына дүйсенбі күні өткен қалалық мәслихаттың кезектен тыс 3-ші сессиясында депутаттар қолдау көрсетті.
«Бүгінгі таңда қалада 359 ардагер тұрып жатыр. Әлеуметтік жәрдем көрсету үшін қала бюджетінен 50 млн. теңге бөлу қажет болады», - деді мәслихат депутаттары алдында сөз алған Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Алма Алтыбаева.
04.05.12
Шетелдік жұмыс күші
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Астана қаласына шетелдік жұмыс күштерін тартатын жұмыс берушілердің назарына 2012 жылдың 10 мамыры күні сағат 15-00-де Басқарманың 23-кабинетінде Астана қаласына шетелдік жұмыс күштерін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысы өтетіні жөнінде хабарлайды.
02.05.12
Қаладағы жалпы орта білім беру мектептерінің 9-11сынып түлектерінің арасында кәсіптік бағдар беру жұмысы
Астана қаласындағы 43мектептің 9–11сынып оқушылары арасында болашақ мамандықты таңдау мақсатында білім деңгейін анықтау үшін сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 3600–ден астам оқушы қатысты. Әлеуметтік сұраныстың бірінші нәтижесінің көрсеткіші бойынша 52,9% болашақ мамандығы туралы толық ақпаратпенқамтылмаған. Болашақ мамандықтарын таңдау барысында оқушыларға себепкер болған қоршаған орта, өзтаңдаулары, ата –аналарының қалауы. Түлектердің көбісі келесі мамандықтарды қалайды: заңгер – 13,8%, медицина мамандығын – 13,5%, техникалық мамандықтар – 9,9%, педагогика – 6,8%, аудармашы – 5,9%, қаржы – 5,6%, халықаралық қатынастар –5,2%, экономика – 4,9%, журналистика – 4,9%,саулетші – 4,5%, және басқа мамандықтар –20,4%, жауап бермегендер –2,8%.
28.04.12
Орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуға жұмысқа орналастыруға бағытталған «SYSLAB» халықаралық жобасы бойынша кезекті оқу тобының оқу қорытындысы
Жастар орталығында 2012 жылдың 27-сәуірінде орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуға, жұмысқа орналастыруға бағытталған «SYSLAB» қазақстандық-норвегиялық жобасының 5-тобына салтанатты түрде сертификаттар табыс етілді. 2010 жылдан осы уақытқа дейін жоғары білімі бар жұмыссыз азаматтар мен жастардың 172-сі оқу курсын өтті. 2010 жылы 63 адам оқыса, оның 50-і (79,4%) жұмысқа тұрды. Соның ішінде бизнес жоспар құрып, өз істерін ашқан 5 адам. Ал 2011 жылы - 72 адам, жұмысқа тұрғаны – 37 адам (51,4%), соның іштерінде өз істерін ашқан – 3 адам. Және 2012 жылы – 37 адам, жұмысқа тұрғаны – 26 адам (70%), соның ішінде 5 адам бизнес жоспарын қорғады, өз ісін ашқан – 1 адам.
Қазіргі уақытта «SYSLAB» жобасы бойынша тегін оқытуға жоғары және аяқталмаған жоғары білімі бар жұмыссыз азаматтар мен жастарды 6-топқа тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Кезекті оқыту курсының басталуы 2012 жылдың 14 мамырына жоспарланған.
27.04.12
Жастармен және оқу орындарының түлектерімен кездесу
Қаладағы оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында, жастар орталығының қызметкерлері бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне, ЖОО-ның түлектері мен жұмыс берушілері арасындағы кездесулерге қатысты. Оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша біріккен жұмыс ниеті туралы хаттама негізінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Қазақ технология және бизнес университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Технология және бизнес колледжінің факультеттерімен өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты. Осы оқу орындарында 650-ден астам түлектермен кездесу өтті. Жастардың 309-ы түйіндемелерін тапсырды, 120-дан астам жастарға кеңес берілді. Астана қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-мен 2012 жылдың 26 сәуірінде ұйымдастырылған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысудың қорытынды нәтижесінде жастардың 38-і түйіндемесін тапсырды, 50-ден астамына кеңес берілді. Жастар тәжірибесі бойынша жұмысқа орналасу үшін 5 жолдама, жаңадан дайындау курстарына 3 жолдама және қаланың әртүрлі ұйымдары мен кәсіпорындарына жұмысқа орналасу үшін 7 жолдама берілді.
Оқу орындарының түлектерімен кездесулер жалғасуда.
18.04.12
Шетелдік жұмыс күші
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Астана қаласына шетелдік жұмыс күштерін тартатын жұмыс берушілердің назарына 2012 жылдың 23 сәуірі күні сағат 15-00-де Басқарманың 23-кабинетінде Астана қаласына шетелдік жұмыс күштерін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысы өтетіні жөнінде хабарлайды.
13.04.12
Қосымша жаңа мамандықтарды игеруге әйелдер хауымын шақырамыз

Жұмыссыз әйелдерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру
Қазақстан Республикасы «Іскер әйелдер қауымдастығымен» бірлесіп жасаған келісім негізінде, жұмыссыз әйелдер үшін келесі мамандықтар бойынша тегін оқыту мен қайта даярлауға қабылдау және жолдама беру басталды:
05.04.12
Астана қаласында Ұлы Жеңіс күнін мерекелеуге дайындық барысы туралы ақпарат

Астана қаласында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік қолдау көрсетуге басты назар аударылады.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің қатары жылдан жылға азайып келеді. Бүгінгі күні елордада 370 ардагер тіркелген. Оларға көңіл бөлу және көмек көрсету біздің міндетіміз. Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін әлеуметтік қолдау бойынша көптеген жұмыстар атқаруда.
03.04.12
Хабарландыру
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Астана қаласына шетелдік жұмыс күштерін тартатын жұмыс берушілердің назарына 2012 жылдың 6 сәуірі күні сағат 9-00-де Басқарманың 23-кабинетінде Астана қаласына шетелдік жұмыс күштерін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысы өтетіні жөнінде хабарлайды.